Б.Жылқышиев|right|thumb Болат Әбжапарұлы Жылқышиев (18 қыркүйек 1957 жылы, Сарыағаш ауданы) – қоғам және мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Қазақ химия-технологиялық институтын (1979), Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін (1996) бітірген. Мамандығы – инженер-механик, инженер-экономист. Еңбек жолын 1979 жылы «Өндірістік құрылыс материалдары» тресінің Бадам кірпіш з-тында шебер болып бастаған. 1980 – 84 жылы Осы тресте инженер, аға инженер, бас механиктің міндетін атқарушы; 1984 – 87 жылдары Қазақстан КП Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; 1987 – 91 жылдары Майтоң май комбинатында партбюро хатшысы; 1991 – 92 жылдары Шымкент қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1992 – 95 жылдары Шымкент қаласы Дзержинск (әл-Фараби) ауданы әкімшілігінің бастығы; 1995 – 98 жылдары Тараз қаласының әкімі; 1998 – 99 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары; облыс әкімшілігінің құрылыс және коммуналдық шаруашылық департаментінің бастығы; 1999 – 2001 жылдары Кентау қаласының әкімі; 2001 – 2002 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. 2002 жылдан облыс әкімі. Жылқышиев облысты баскарғалы халық тұрмысын, мәдениетін көркейту, мал басын көбейту, суармалы егістік көлемін ұлғайту секілді шаруалар жүргізіп келеді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясыОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Тараз әкімдері Санат:1957 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Шымкент әкімдері Санат:Түркістан облысының әкімдері