Саламат Ғұмарұлы Ахметжанов (22.8.1936 ж.т., Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Лабай ауылы) – медицина ғылымының докторы (1994),

Халықаралық патология академиясының толық мүшесі (1996). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген (1964). Осы институтта оқытушы (1964), кафедра меңгерушісі және оқытушылардың білімін жетілдіру орталығының деканы (1982) болған. Оның негізгі ғылыми жұмыстары қоршаған ортаның адам денесіне тигізетін әсері мен ықпалын зерттеуге арналған.

Саламат 80-нен астам ғыл. еңбек пен 2 авторлық куәліктің авторы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1936 жылы туғандар Санат:Қазақ ғалымдары Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар