Көкмардан — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Талапты ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км-дей жерде, Арыс өзенінің оң жағасындағы жусан, баялыш, көкпек, т.б. шөптер өскен сұр, шалғынды сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22142586 2495 96,5 1324 1302 98,3 1262 1193 94,5
Тарихы 1963 жылдан КСРО-ның 60 жылдығы атындағы ет кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдасқан.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автокөлік жолы арқылы қатынасады.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы елді мекендері