Тастыадыр – Шилі және Өткелсіз өзендерінің арасындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының орталық бөлігінде. Аудан орталығы – Ботақара кентінен солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 – 5 км-ге созылған, ені солтүстік бөлігінде 4 – 5 км, оңтүстік бөлігінде 1 – 1,5 км. Ең биік жері 645 м.

Жер бедері, геологиясы Беткейлері жайпақ, жазыққа ұласып жатады. Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортаң қоңыр топырағында боз, көде, бетеге өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы таулары