Талдыбұлақ — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Талдыбұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан шығысқа қарай 96 км жерде, Алтынемел жотасының солтүстік баурайында, Талдыбұлақ өзенінің жағасында, бұта, ши аралас бетеге, боз, селеу өскен коңыр, қызғылт қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14051342 1279 95,3 688 614 89,2 654 665 101,7

Тарихы Ауыл 1996 жылға дейін "Калиновка" деп аталған. 1961-97 жылы бұрынғы Гвардия ауданының Калинин атындағы картоп егетін кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Талдыбұлақта және округке қарасты Бостан, Терісаққан ауылдарында егістік кооператив жене бірнеше шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылдарда орта, бастауыш мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік және дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері