Бегалы Нұрманұлы Айтбембет (15 қазан, 1939 жылы туған, Қазалы ауданы Жаңажол ауылы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1984), профессор (1986), Профилактикалық медицина академиясының академигі (1992). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).

Өмірбаяны Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген (1964). 1964 – 66 ж. Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысының Түркістан қалалық әкімдігінің медицина бірлестігінде бас дәрігердің орынбасары. 1966 – 70 ж. Бәйдібек аудандық ауруханасында бас дәрігер. 1970 – 73 ж. Семей медицина институтында аспирант. 1973 – 76 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының (Қазақ ұлттық медицина университеті) госпиталдық емдеу кафедрасының ассистенті. 1977 – 85 ж. Республикалық клиникалық ауруханасында бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары, бас дәрігер. 1985 – 89 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі. 1989 – 92 ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде бас терапевт. 1994 ж. Қазақ Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1998 ж. Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Республикалық клиниканың психиатрия ауруханасының бас дәрігері. 2001 – 03 ж. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылым практикалық орталығының директоры.

Ғылыми еңбектері 200-ден астам ғылыми еңбектің, 2 монография, 7 оқу құралы, 12 әдістемелік ұсыныстың авторы."Қазақ Энциклопедиясы" 5 ғылым докторын, 23 ғылым кандидатын дайындады. Бірнеше медальдармен марапатталған. Туған жері Қазалы кентінде ескерткіш бюсті қойылған. Қазалы ауданының құрметті азаматы.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.

Дереккөздер

Санат:15 қазанда туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Алматы мемлекет медицина институты профессорлары Санат:Профилактикалық медицина академиясының академиктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Семей мемлекеттік медицина академиясы түлектері