Қаратөбе ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Қаратөбе, Шөптікөл, Соналы, Үшағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Қаратөбе ауылы.
Тарихы 2013 жылы таратылған Шөптікөл ауылдық округі (орталығы Шөптікөл ауылы) қосылды.Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 6002 адамды (3082 ер адам және 2920 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Қаратөбе ауданы ауылдық округтері