Леонид Александрович Афанасьев (1932 ж.т., Алматы қаласы) – ветеринария ғылымының докторы, Мәскеу ветеринария академиясын бітірген (1955). Алматы ст-ның ветеринария-санитарлық дәрігері (1956–1958), Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының аға лаборанты (1958–61), аспирант (1959–61), кіші, аға ғылыми қызметкер (1961–75), лаборатория меңгерушісі (1975–80), аға ғылыми қызметкер (1980–89), лаборатория меңгерушісі (1989–95), бас ғылыми қызметкер (1995–97), 1998 ж. бас кеңесші. Афанасьев 82-ден аса ғылыми еңбектің авторы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар