Бүйір сызығы — балықтардағы, сондай-ақ қосмекенділер мен кейбір ересек қосмекенділердің (амфибиялардың) дернәсілдеріндегі сезім мүшесі, олар қоршаған судың қозғалысы мен тербелісін, су қысымының өзгеруін қабылдайды, су бағытын анықтайды, жемтік аулау үшін де қолданылады. Дененің екі жағында жіңішке сызық тәрізді, желбезек тіліктерінен құйрық негізіне дейін созылған. Кейбір түрлерде бүйір сызық рецепторларының бір бөлігі электрорецепторларға айналады және қоршаған ортаның электрлік тербелісін тіркейді. Кейбір шаян тәрізділер мен цефалоподтар ұқсас органдарға ие.

Әдебиет Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Санат:Балықтар анатомиясы Санат:Сезім мүшелері Санат:Қосмекенділер