Александр Иванович Глазырин (26.2.1937 жылы туған, Ресей, Кузбасс қаласы) – техника ғылымы докторы. (2000). Кузбасс политехникалық институтын (1965) және Мәскеудегі Бүкілодақтық политехникалық институтын (1970) бітірген. 1986 жылдан Павлодар мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Оның ғыл. жұмысының негізгі бағыты – электрстансалардан шығатын қалдық заттарды қайта пайдалану, энергиялық құрал-жабдықтарды химия жағынан қорғау мәселелері. Г. 10 өнертабыстың авторы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер