Мақпал, Мақбел – Қырғыз Алатауының орта бөлігіндегі асу.

Географиялық орны Қазақстан (Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы) мен Қырғызстан шекарасында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3006 м. Асудың солтүстік етегінен Мақбел өзені бастау алады. Өзенді бойлай оңтүстік беткейіндегі Талас өзенінің бастауына қарай соқпақ жол асады. Сәуір-қыркүйек айларында ғана салт атты адам өте алады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы асулары Санат:Қырғызстан асулары Санат:Қырғыз Алатауы