Василий Миронович Красов (26.6.1911, Украина, Харьков қаласы) – биохимик, биология ғылымының докторы (1964), профессор (1971).

Харьков малдәрігерлік институтын бітірген (1932).

Еңбек жолы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық эксперименттік ветеринария институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1932–56), Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1956–78) қызметтерін атқарған. «Белки крови животных в норме и при некоторых заболеваниях (Электрофоретические исследования)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері мал биохимиясы мәселелеріне арналған. Красов 5 өнертабыстың авторы.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:26 маусымда туғандар Санат:1911 жылы туғандар Санат:Харьковте туғандар Санат:Қазақстан биохимиктері Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының профессорлары Санат:Харьков малдәрігерлік институты түлектері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері