Виктор Михайлович Шевко (1946 жыл, Өзбекстан, Ташкент облысы Бекабад қалысы) — техника ғылымының докторы (1992), профессор (1994). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
Қазақ химия-технологиялық институтын (1969, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және аспирантурасын (1973) бітірген. Осы институтта оқытушы, ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1974–1996) 1996 жылдан оқу ісі жөніндегі Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінде проректор қызметін атқарады. 300-ден астам ғылыми жарияланым мен 5 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Бекабадта туғандар Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Халықаралық ақпараттандыру академиясының академиктері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті оқытушылары