Көкжазық — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Көкжазық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Қора өзені жағалауында, бұта аралас бетеге, көде, қылқан боз, сұлыбас, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды тауаралық ойыста орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16681585 1542 97,3 805 782 97,1 780 760 97,4

Тарихы Iргесі 1930 жылы қызылша өсіретін “1-май” ұжымшары орталық ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Дереккөздер

Санат:Ескелді ауданы елді мекендері