Любовь Сергеевна Кочкина (15.9.1924 жылы туған, Ресей, Киров облысы Зуевка ауданы Уховская деревнясы) – медицина ғылымының докторы (1968), профессор (1970). 1947 - Пермь мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1952-1969 - Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) доцент. 1969 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты автономды жүйке жүйесінің жасаралық морфологиясына арналған. Кочкина 50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар