Шалқар — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Лобанов ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Саумалкөл ауылының оңтүстік-шығысына қарай 27 км-дей жерде, Шалқар көлінің шығыс жағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 866 адам (439 ер адам және 428 әйел адам) болса, 2009 жылы 696 адамды (344 ер адам және 352 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1977-97 жылдары Көкшетау облысы Арықбалық ауданының мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің орталығы болды. Оның негізінде 1996 жылы ауылда “Шалқар” ЖШС-і ұйымдастырылды.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы елді мекендері Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері