Мстислав Вячеславович Пентковский (1.3.1911 – 25.6.1968) – физика-математика ғылымының докторы (1952), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958). 1934 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1937–1940 жылдары ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі (1940–1956) 1956-1962 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Машиналық есептеу математикасы лабораториясының меңгерушісі. 1962 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеу химия технологиялық институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Негізгі ғылыми еңбектері номография мен есептеу математикасына арналған. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер