Шайкенов Нағашыбай Аманғалиұлы (6 наурыз 1947, Ресей, Орынбор облысы — 25 наурыз 2000, Алматы) — заңгер-ғалым, мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы (1992), профессор.

Өмірбаяны Кіші жүздің Жағалбайлы руынанhttps://abai.kz/post/55971. Свердлов заң институтын (1974) және аспирантурасын (1977) бітірген. Құқық және мемлекет теориясы саласының маманы.

1977 — 1987 жылы Свердлов заң институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті. 1988 — 1992 жылы КСРО Ғылым Академиясының Урал бөлімшесінің Философия және құқық институтының (Свердловск) аға ғылым қызметкері, 1992 жылы — ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық кеңесшілер басшысының орынбасары, 1992 — 1993 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі, 1993 — 1995 жылы ҚР Әділет министрі, 1995 — 1996 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары, 1996 — 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры болып қызмет атқарды.

Шайкенов Қазақстандағы құқықтық реформаның авторы ретінде танылды. ҚР Тұрақты дамыту жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі (1997 — 1998) болды.

Марапаттары

“Парасат” ордені (1999).Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім Сілтемелер Заңгер Жоғарғы кеңес Орынбор Дереккөздер

Шығырмалары Основы правовых знаний, М., 1991; Правовое облеспечение интересов личности, Свердловск, 1992; Договорное обеспечение бизнеса, ауылы , 1995.

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Тұлғалар