Шәкімова Бәкеш (28 қараша 1928 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – медицина ғылымының докторы (1973), профессор (1973). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1981).
Қысқаша өмірбаяны: 1951 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген; 1954 жылдарыЛенинград (Санкт-Петербург) мемлекеттік медициналық институтының аспирантурасын бітірген; 1955 жылдан осы оқу орнында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Еңбектері: «Клинические варианты течения ревматизма у взрослых и его исходы в условиях г. Алма-Аты» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері ревматология мәселелеріне арналған. Бехтерев ауруын емдеу жолдарын тауып, осы аурулардың профилактикасы мен диагностикасы мәселелерін анықтады.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:28 қарашада туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкерлері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары Санат:Қазақстан реватологтары