Қопасор – Шалқар алабындағы көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде. Теңіз деңгейінен 166,0 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 12,15 км2, ұзындығы 9,5 км, ені 2,7 км, жағалауының ұзындығы 36,4 км. Көл жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Жағалауы жазық. Суы тұщы, жазға қарай ащы. Кейбір жылдары құрғап қалады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы көлдері Санат:Шалқар су алабы