Парагвайлықтар (өз атауы – парагуайо) – Парагвайдың негізгі халқы. Аргентинада, Бразилияда, т.б.елдерде тұрады. Жалпы саны 3,8 млн. адам (2003). Парагвайлықтар – 17 – 18 ғасырларда үндіс гуаранилер мен осында қоныс аударған испандықтардың араласуынан қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді, гуарани тілі де кең тараған. Көпшілігі христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Парагвайлықтар басым бөлігі мал шаруашылығымен және егіншілікпен, орман шаруашылығымен айналысады. Баспаналары шикі кірпіштен тұрғызылады, төбесі сабанмен жабылады. Тағамдары жүгері, бұршақ, т.б. дәнді дақылдардан дайындалады. Сүйікті сусындары – парагв, шай. Қолөнер (тігіншілік, құмыра жасау, т.б.) дамыған. Үндіс фольклоры негізінде бай ауыз әдебиеті сақталған.“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
Дереккөздер</span>
Санат:Халықтар