Айдарлы – Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольское ауылынан шығысқа қарай 6 – 6,5 км жерде орналасқан биік төбе. Абсолюттік биіктігі 432 м, ұзындығы мен ені 1 – 1,5 км. Айдарлының солтүстігінде Қарашілік тоғайы, батысқа қарай 2 км жерде Есенбек көлі орналасқан.
Жер бедері, өсімдігі Беткейі жазық, аз тілімденген. Карбонатты қара топырағында шөптесін өсімдіктер өскен.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Бұланды ауданы таулары