Алтынжал – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының солтүстік-шығыс шетінде, Айрық ауылынан шығысқа қарай 50 – 55 км жерде орналасқан тау.
Жер бедері Ең биік жері 452 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.
Геологиялық құрылымы Элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан девон жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты қызыл қоңыр топырағында жусан, көде, бетеге, қараған бұталары өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары