Ромен Роллан (Rolland) (29 қаңтар 1866, Кламси — 30 желтоқсан 1944, Везле) — француз жазушысы, тарихшы, музыка зерттеушісі, драматург, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты (1915).
Өмірбаяны Парижде Эколь Нормаль жоғары мектебінде білім алған. 1895 ж. театр тарихынан екі докторлық диссертациясын қорғаған. Ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысып, Сорбоннада музыка тарихы курсынан лекция оқыған. Шығармашылығы Шығармашылық жолын драматургиядан бастаған Роллан 1897 ж. “Әулие Людовик” драмасын жариялады. Роллан есімін әлемге әйгілі еткен 10 томдық “Жан Кристоф” (1904 — 12) роман-эпопеясы 1-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа мәдениетінің құлдырауын, өкіметтің қатал тәртібіне қарсы күрескен неміс музыкантының экзистенциалды рухани ізденістерін көрсетті. “Кола Брюньон” (1914, жариялануы 1918) повесінде қоғамдағы мәдениет пен өнер тағдырын толғады. “Ғажайып жан” (1922 — 33) романында қоғамнан өз орнын таппаған интеллигенция тағдыры, кейіпкердің күрделі ішкі әлемі бейнеленді. Ганди мен Тагордың дүниеге көзқарастары қызықтырған Роллан “Махатма Ганди” атты кітабын жариялады “Өлім мен махаббат ойындары” (1925) “Робеспьер” (1939) трагедияларын сахнаға шығарды. “Эпикалық топтама” драмаларында қоғамдағы рухсыздыққа, құлдырауға қарсы шықты. Ол Б.Микеланджело (1907), Л.Толстой (1911), М.Ганди (1923), Ш.Пеги (1944), Л.Бетховендер (1928 — 45) туралы трилогия жазды. Ролланның “Жан Кристоф” романы қазақ тіліне ықшамдалып аударылған (1937).Қазақ энциклопедиясы, 7 - томРоллан Р., Собр. соч., т.1 — 14, М., 1954 — 58.Цвейг С., Р.Роллан. Жизнь и творчество //Собр. соч., т.7. М., 1963Гильдина З., Р.Роллан и мировая культура, Рига,1966Балахонов В.Е., Р.Роллан и его время, Л., 1968Всемирная литература. Энциклопедия ХІХ и XX века, М., 2002.
Дереккөздер:
Санат:29 қаңтарда туғандар Санат:1866 жылы туғандар Санат:Кламсиде туғандар Санат:30 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Йонна департаментінде қайтыс болғандар Санат:Франция жазушылары Санат:XIX ғасыр жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:Франция музыкатанушылары Санат:XIX ғасыр музыкатанушылары Санат:XX ғасыр музыкатанушылары Санат:Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Туберкулёзден қайтыс болғандар Санат:Франция социалистері