thumb|right|200px|Елизавета Болеславовна Кручинина-Рутковская Елизавета Болеславовна Кручинина-Рутковская (қыз күніндегі фамилиясы Пржибыльская) (1895, Ресей, Екатеринбург – 22.5. 1961, Алматы) – актриса (1943; 1938 жылдан Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артісі).
Екатеринбург қыздар гимназиясын бітірді.
Сахналық жолын 1912 жылы осындағы орыс актері әрі антрепренері П.П. Медведевтің труппасынан бастады. Бұдан кейін ол Латвия (Рига), Ресей (Иркутск, Омбы, Ярославль, Пермь, Томск), Беларусь (Ленинск, Витебск; 1915–30), Қырғызстан (Фрунзе, 1931 – 33) қалаларындағы орыс драма театрларында қызмет етіп, шет ел және орыс классик. драматургиясынан Мария Стюарт, Луиза, Амалия (И.Ф. Шиллердің “Мария Стюарт”, “Зұлымдық пен махаббат” және “Қарақшыларында”), Катерина, Аннушка, Кручинина (А.Н. Островскийдің “Найзағай”, “Думанды жер” мен “Жазықсыз жапа шеккендерінде”) сияқты рөлдерді орындады.
1933 жылдан өмірінің соңына дейін Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының труппасында ойнады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1895 жылы туғандар Санат:Екатеринбургте туғандар Санат:22 мамырда қайтыс болғандар Санат:1961 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Екатеринбург қыздар гимназиясы түлектері Санат:Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры актрисалары