Қызыл Жұлдыз — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Қызылжұлдыз ауылдық округі орталығы. 2024 жылы таратылып, Тараз қаласы Әулиеата ауданындағы шағын ауданға айналды.Тараз қаласына іргелес аудандардан 14 ауыл қосылады
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км, Тараз қаласынан 1 км жерде, Талас өзенінің жағалауында, боз жусан, баялыш, көкпек, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр, бозғылт сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен45935070 6300 124,3 2538 3155 124,3 2532 3145 124,2
Тарихы Ауылда 1976 жылы Жамбыл ауданы мал бордақылау бірлестігі құрылған. Кейіннен бірлестік Байзақ ауданына беріліп, оның негізінде Қызыл жұлдызда 1997 жылдан 2 өндірістік кооператив, 218 шаруа қожалығы және «Қызыл жұлдыз» атты ЖШС жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта, орталау мектептер, 2 клуб, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мәдени және әлеум. мекемелер бар. Облыс әкімінің 24.01.1995 жылғы шешімімен "Красная звезда" ауылына - "Қызыл жұлдыз" атауы берілді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданының таратылған елді мекендері