Шацилов Владимир Иванович (20 Тамыз 1936 жылы туған, Ресей, Алтай өлкесі, Благовещенка селосы) – техника ғылымының докторы (1987).
Қысқаша өмірбаяны:
1959 жылы Қазақ тау-кен және металлургия институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1959–1977 жылдары Қазақ КСР-і Геология министрлігіне қарасты Іле геофизикалық *экспедициясында аға техник, геофизик, бас инжинер, партия бастығы. 1977–1984 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың орынбасары. 1984–1986 жылдары Бүкілодақтық барлау геофизикасы институтының Қазақ бөлімшесінде аға ғылыми қызметкер. 1986 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институты директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Ғылыми еңбектері жер қыртысының құрылымы мен параметрлерін сейсмикалық тәсілмен зерттеу мәселелеріне арналған. 1 авторлық куәлігі бар.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: