Евгений Иванович Николаев (1946 ж.т., Украина, Николаев облысы Вознесенск ауданы Александровка кенті) – техника ғылымдарының докторы (1992), профессор (1995).
Қарағанды политехникалық институтын (1975, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. Батыс кенішіндегі №31–32-шахтаның бас энергетигі (1975–1980) «Жезқазғантүстіметаллургия» ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі (1980–1995) болды. 1995 жылдан геомеханика бөлімінің бастығы «Қазақмыс» корпорациясында бас ғылыми қызметкер Жезқазған университетінде профессор қызметтерін атқарады.
Ғылыми еңбектер «Методы непрерывного контроля состояния выработанного пространства и закладочного массива при обработке полочных рудных залежей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Вознесенск ауданында (Николаев облысы) туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Жезқазған түсті металлургия институты қызметкерлері Санат:Жезқазған университетінің профессорлары