ЖАҢАБЕРГЕН Бітімбайұлы (1886, Арал ауданы Аманөткел ауылы – 1946, сонда) – жырау. Арабша оқыған. Жасынан өлең-жыр, қисса-дастандарды жаттап, жыраулық өнерді игерді. Суырыпсалма ақын. Жаңаберген ел басқару ісіне де белсене араласқан. «Большевик», «Жаңаталап» ұжымшарларының төрағасы, Орман-тоғай мекемесінің қызметкері болды. Сыр сүлейлері Жиенбайұлы Рүстембек, Жүсіпұлы Мұзараппен, т.б. өнер дүлдүлдерімен шығармалары байланыста болған. Оның әндері ҚР ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында мұрағаттану бөлімінде сақтаулы.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Жаңаберген Бітімбайұлы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.