Тайқоңыр – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Разумовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 87 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 14,9 км 2. Су жиналатын алабының аумағы 117 км 2, ұзындығы 6,5 км, ең енді жері 3,7 км, жағалық сызығының ұзындығы 20,2 км. Жағалауы жайпақ, кейбір жерлері жыралармен тілімделген. Көл жауын-шашын, жер асты суымен толысады. Суы тұзды. Алабы – жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Ертіс су алабы