Пиреней түбегі немесе Иберия түбегі (; ; ; ; ; ) — Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан. Еуропаның басқа бөліктерінен Пиреней таулары, Африкадан Гибралтар бұғазы арқылы бөлінген. Пиреней түбегін Атлант мұхиты қоршап жатыр. Аумағы 584 мың км².

Жер бедері Жағалары нашар тілімденген, тек солтүстік-батыс бөлігінде риас типтік жағалар (теңіз суының тау аңғарларына толуы) тараған. Жер бедерінде таулы үстірттер (Месета, Галисия) мен ұзына бойы созылып жатқан тау жоталары (Пиреней, Кантабрия, Каталония, Иберия, Андалусия, т.б.) басым. Ең биік жері — Сьерра-Невада жотасындағы Муласен тауы (3478 м). Пиреней түбегінің жағалау бөлігін шағын ойпаттар (Португал, Андалус, Арагон, т.б.) алып жатыр.

Климаты Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік типке жатады, солтүстігінде және солтүстік-батысында теңіздік климат басым. Ірі өзендері: Тахо, Эбро, Дуэро, Гвадиана, Гвадалквивир. Жерінің 40%-ын ормандар мен бұталар алып жатыр.

Өсімдігі Негізгі өсімдіктері — жерортатеңіздік бұталар (маквис, гарига), шалғындар. Пиреней түбегінде Испания, Португалия, Андорра мемлекеттері мен Британия қауымдастығына қарайтын Гибралтар орналасқан. Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Еуропа түбектері Санат:Испания түбектері