Жұмырбай Мәмбетұлы (1807-1897) – ақын. Батыс Қазақстан өңірінде ғұмыр кешкен. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасының алаша руынан шыққан. Ақынның сақталған өлеңдері мен толғауларынан өршіл рух сезіледі. “Шәріп правительге”, “Сұрасаң, менің атым Жұмырбайды”, “Жапанда жүрген ақбөкен”, т.б. өлең, толғауларында ақын жақсы мен жаманды, асыл мен жасықты салыстыра суреттеп, өмірдің мәні, жастық пен кәрілік, тоқтық пен жоқтық, ерлік пен ездік туралы толғанады. Жұмырбай Мәмбетұлы шығармалары “XҚX ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985) жинағында жарық көрген.Қазақ энциклопедиясы, 4 том;Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:1807 жылы туғандар Санат:1897 жылы қайтыс болғандар