«Бродвей мелодиясы» () — режиссер Гарри Бомонт түсірген америкалық мюзикл фильмі. «Үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын иеленген тұңғыш дыбысты фильм. Бұл фильм Technicolor жүйесімен түсірілген көрінісі бар алғашқы мюзиклдердің бірі болды, ол 1929–1930 жылдары экранға шыққан көптеген мюзиклдерде түрлі-түсті технологияны қолдану үрдісін бастап берді.

Сюжеті Әнші әрі биші әпкелі-сіңлілі Хэнк пен Куини Махонилер Нью-Йорк қаласына, Бродвейге келеді. Мұнда олардың досы Эдди Керне Фрэнсис Занфилдтің варьетеге арналған жаңа нөмірін қоюға жетекшілік етеді. Эдди мен Хэнк бұрыннан таныс бұрынғы ғашықтар еді, тіпті шаңырақ көтеруді де жоспарлайды. Алайда Эдди сұлу Куиниді көріп, ессіз ғашық болады да, бұрынғы ниетінен айнып, жас қыздың соңынан қалмайтын болады.

Осы уақытта Нью-Йорк элитасының өкілі, дәулетті Джок Уорринер Куиниге көз тігіп, оған гауһар тасты білезік сыйлайды әрі өзіне бағынуды талап етеді. Бірнеше апта өткен соң ғана қыз бұл суық жүректі джентльменнің қолындағы жай ғана ойыншыққа айналғанын түсінеді.

Рөлдерде Анита Пейдж — Куини Махони Бесси Лав — Харриет «Хэнк» Махони Чарльз Кинг — Эдди Керне Джед Проути — ағайы Джед Кеннет Томсон — Жак Уорринер Эдвард Диллон — самолет/сахна менеджері Мэри Доран — Фло, аққұба қыз Эдди Кэйн — Занфилд Дж. Эмметт Бек — Бэйб Хэтрик Маршалл Рут — Стью Дрю Демарест — Тьюрп Джеймс Глисон — нота баспагері (титрде көрсетілмеген)

Дереккөздер

Санат:1929 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Гарри Бомонт фильмдері Санат:Metro-Goldwyn-Mayer фильмдері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)