Гүлнәзия Түгелбайқызы Түгелбаева — ғалым-ұстаз, физика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1952 жылы 15 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған.
1968 жылы Талас ауданындағы Амантай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын "Физика" мамандығы бойынша бітірген соң, институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен Қазақ Ғылым академиясының Органикалық катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтына стажер-зерттеуші ретінде жіберілді. Онда Социалистік Еңбек Ері, химия ғылымдарының докторы, академик Дмитрий Владимирович Сокольский мен химия ғылымдарының докторы, профессор Қосылған Күзембаевтың басшылығымен ғылыми тағылымдамадан өтеді. 1978 жылы "Влияние радиоактивных излучений на каталитические свойства палладиевых катализаторов в реакции гидрогенизации непредельных соединений" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1979 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Теориялық физика мен физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының асситенті, аға оқытушы, доценті, тіркеуші-офис бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2014 жылдың қырқүйегінен бастап университеттің Физика-математика факультеті физика кафедрасының доценті қызметінде.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі бағыты: атомдық физика негіздері, ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы, астрономия, космонавтика негіздері. 100-ден астам ғылыми мақаланың, оқу-әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарының, 2 авторлық куәліктің авторы. Чехия, Жапония, Түркия, Ресей, Латвия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанда өткен Халықаралық, республикалық конференциялар мен симпозиумдарға қатысты. Жыл сайын студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды.
Марапаттары Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2008); "Университеттің үздік қызметкері" төсбелгісі (2012); Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына сіңірген еңбегі үшін "Құрмет белгісі" және "Ұлағат" медальдері (2014); ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталар мен Алғыс хаттар;Ұ 43 Ұлттың ұлағатты ұясы: Анықтамалық-танымдық жинақ. – Алматы: "Қыздар университеті" баспасы, 2020 жыл. – 458 бет. ISBN 978-601-346-029-1 "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі (2023); "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" төсбелгісі (2024).Гүлнәзия Түгелбаева
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Гулназия Тугелбаева.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Физика-математика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті оқытушылары