Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы () — негізінен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары нарығы үшін Америка ойын-сауық индустриясы туралы ақпарат таратқан журналисттер мен фотографтардың бейкоммерциялық ұйымы болды. Ол 1943 жылы құрылған сәтінен бастап 2023 жылға дейін Лос-Анджелес, Калифорния қаласында кино және телевизия саласындағы жетістіктерді марапаттайтын жыл сайынғы Алтын глобус рәсімінің негізін қалаушы әрі ұйымдастырушысы ретінде жақсы танымал. Бұл қауымдастық шамамен 55 елден жиналған, жиынтық аудиториясы 250 миллионнан асатын 105 мүшеден тұрды. of the HFPA and the Golden Globe Awards.
2023 жылғы 12 маусымда HFPA ребрендингтен өтіп, Golden Globe Foundation болып өзгертілді.
Дереккөздер
Санат:1947 жылы құрылған ұйымдар Санат:Алтын глобус сыйлығы Санат:АҚШ бейкоммерциялық ұйымдары