Бетбелгі — кітаптың оқылған немесе қажетті бетін белгілеп қоюға арналған қыстырма қағаз. Ол қағаздан, қатырма қағаздан, матадан, былғарыдан, металдан және басқа да материалдардан жасалады.Bookmark. Wikipedia.
Тарихы
Бетбелгілердің тарихы қолжазба кітаптардың таралуымен байланысты. Ежелгі және ортағасырлық кітаптарда оқылған жерді белгілеу үшін бау, мата, былғары немесе пергамент жолақтары пайдаланылған. Мұндай құралдар кітап парақтарын бүктемей, қажетті орынды сақтауға мүмкіндік берген.
Орта ғасырларда бетбелгілер діни кітаптарда, соның ішінде дұға кітаптары мен қолжазбаларда қолданылған. Кейбір кітаптардың түптелуіне арнайы жібек таспалар бекітілген. Олар оқырманға қажетті бетті тез табуға көмектескен.J. A. Szirmai. The Archaeology of Medieval Bookbinding. Ashgate, 1999.
XIX ғасырда жеке қолданылатын бетбелгілер кеңінен тарала бастады. 1850-жылдардан бастап оларды қағаздан, қатырма қағаздан және жібек матадан жасап, түрлі өрнектермен безендіру дамыды. Жібектен тоқылған бетбелгілер Виктория дәуірінде сыйлық ретінде де пайдаланылған.
Түрлері
Бетбелгілер жасалу материалына, пішініне және қолданылу ерекшелігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді:
Қағаз бетбелгі — қағаздан немесе қатырма қағаздан жасалатын кең таралған түрі. Матадан жасалған бетбелгі — мата, жібек немесе таспа түріндегі материалдардан дайындалады. Былғары бетбелгі — былғарыдан жасалып, ұзақ уақыт пайдалануға арналған. Металл бетбелгі — металлдан жасалатын жұқа құрал; кейбір үлгілері сәндік элементтермен безендіріледі. Қыстырмалы бетбелгі — кітаптың белгілі бір бетіне бекітілетін арнайы пішіндегі бұйым. Таспалы бетбелгі — кітаптың түптелуіне бекітілетін немесе беттердің арасына салынатын таспа.
Қазіргі бетбелгілердің пішіні мен безендірілуі әртүрлі. Оларға суреттер, өрнектер, жазулар және сәндік әшекейлер орналастырылуы мүмкін.
Қолданылуы
Бетбелгінің негізгі қызметі — кітап оқуды тоқтатқан жерді белгілеу және қажетті бетті қайта табуды жеңілдету. Ол оқырманның уақытын үнемдеп, кітап парақтарын бүктеу қажеттілігін азайтады.
Бетбелгілер көркем әдебиет, оқулық, анықтамалық және басқа да баспа басылымдарын оқығанда қолданылады. Сонымен қатар олар кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында безендіріліп, сыйлық ретінде ұсынылуы мүмкін.
Бетбелгі жасауда кітап парақтарына зиян келтірмейтін, жұқа әрі бояуы көшпейтін материалдарды қолданған жөн.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Bookmark сөзінің шығу тарихы — Online Etymology Dictionary
Санат:Кітап Санат:Кеңсе тауарлары