Василий Андреевич Тофан (; 12 шілде 1982, Вэлчинец, Калараш ауданы) — молдовалық инвестор мен кәсіпкер, 2026 жылғы 22 шілдеден бергі Молдова премьер-министрі. Оны бұл лауазымға президент Майя Санду 11 шілдеде ұсынған болатын.

Ерте жылдары Тофан 1982 жылғы 12 шілдеде туған. Ол мемлекеттік басқару мамандығында Роттердамдық Эразм атындағы университеттен бакалавриат пен магистратын алды. Оқуын бітіргесін Тофан нидерландтық Monitor Deloitte консалтингінде кеңесші, Philips-та аға менеджер болды. Ол сосын оқуға оралып, 2012 жылы Гарвард бизнес мектебінен бизнес әкімшілігінің магистрі атанды. 2011 жылдан 2026 жылғы шілдеге дейін ол Киевте негізделген Horizon Capital компаниясының аға партнёрі, инвестиция комитетінің мүшесі болды.

Кәсіпкерлік мансабы Гарвардтағы оқуы кезінде Тофан әйелдер денсаулығына арнаулы Ovuline қосымшасын негіздеп, дамытты. Ovuline атауы Ovia Health деп ауыстырылды да, қосымшаға ие болды.

Саяси мансабы 2026 жылғы 11 шілдеде Молдова президенті Майя Санду Тофанды Молдова премьер-министрі лауазымына ұсынды. Оның өкілеттігі 22 шілдеде басталды.

Жеке өмірі Тофан туған румын тілінен басқа тағы нидерланд тілін меңгерген. Оны ол Нидерландтағы оқуы кезінде үйреніп алған болатын.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Премьер-министрдің ресми сайты

Санат:Молдова кәсіпкерлері Санат:Молдова саясаткерлері Санат:Молдова премьер-министрлері Санат:XXI ғасырдағы Еуропа билеушілері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары