Ілияс Зиятбекұлы Оралбеков — қазақстандық бокс жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, «Iliyas Boxing Academy» негізін қалаушы. Ағайынды Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханның жеке бапкері ретінде танымал.

Өмірбаяны Ілияс Оралбеков Шымкент қаласында бокс жаттықтырушысы ретінде қызмет етеді.

Қазақстан бокс құрамасының аға жаттықтырушысы. Ерлер құрамасының жаңартылған бапкерлер штабына Париж Олимпиадасынан кейін, 2024 жылғы 20 қыркүйекте қосылды.

Махмұд Сабырханның айтуынша, оның жеке бапкері Ілияс Оралбеков жас боксшыларды жаттықтыру үшін қаладан ауылға тұрақты қатынаған. Оралбеков шәкірттерін даярлауға көңіл бөлу мақсатында ұлттық құраманың бапкерлер штабындағы қызметінен кеткен. Ол жарыстарға барған кезде жаттығуларды алғашқы шәкірті Мейірбек Шуақов жүргізген. Сабырхан 2025 жылғы сәуірдегі сұхбатында Оралбековтің қаладағы үйін сатып, түскен қаражатқа жер алып, жаттығу залын салып жатқанын айтқан.

2025 жылдың қыркүйегінде Шымкентте «Iliyas Boxing Academy» спорт кешені ашылды.

Шәкірттері Махмұд Сабырхан (55 кг) Төрехан Сабырхан (70 кг) Санжарәлі Бегалиев (80 кг) Абзал Серік (65 кг)

Марапаттары мен жетістіктері Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы (2021) «Құрмет» ордені (2025) 2025 жылы «Үздік жаттықтырушы» атағын алды, Шымкент құрамасы Қазақстан бокс федерациясы Кубогының чемпионы болды.

Дереккөздер