«I'm with You» — канадалық әнші Аврил Лавиннің үшінші синглі.

Ол Грэмми сыйлығының «жыл әні» және «әйелдер арасындағы үздік поп-вокал» номинацияларына ілікті. Сонымен қатар «махаббат туралы үздік ән» номинациясында Teen Choice Awards сыйлығын жеңіп алды.

Бейнеклипті америкалық фотограф Дэвид Лашапель Лос Анжелесте түсірді. Ол MTV Video Music Awards сыйлығының «әйелдер арасындағы үздік видео» номинациясына ілікті.

Чарттар Чарт аты және еліПикАҚШ (Billboard Hot 100)4АҚШ (Billboard Adult Contemporary)18АҚШ (Billboard Pop Airplay)1Аустрия (Ö3 Austria Top 40)13Бельгия (Ultratop 50 Flanders)9Германия (GfK)13Грекия (IFPI Greece)12Дания (Tracklisten)20European Hot 100 Singles17Ирландия (IRMA)5Италия (FIMI)5Канада (CHR/Top 40)1Канада (AC)1Нидерланды (Dutch Top 40)9Норвегия (VG-lista)16Польша (Polish Airplay)5Ұлыбритания (Official Charts)7Швеция (Sverigetopplistan)11Швейцария (Schweizer Hitparade)12

Мәдени ықпалы Ән Клиника сериалының 3-сезонында және Смолвильдің 2-сезонында ойнайды.

2003 жылы шыққан Құдіретті Брюс фильмінде де ойнайды.

2004 жылы шыққан Karaoke Revolution Volume 2 видео ойынында пайдаланылады.

2010 жылы Рианна ән үзінділерін өзінің Cheers (Drink to That) синглінде пайдаланды.

2020 жылы британ әншісі Yungblud осы ән мен Тейлор Свифттің Cardigan әніне қосарлы акустикалық кавер жасады.

2024 жылы бұл ән Дэдпул және Құну фильмінің саундтрегіне енді.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша әндер Санат:Аврил Лавин әндері