Индер ауданындағы денсаулық сақтау ісі (1898-1913 жж.) — Тұрғындардың денсаулығын қорғау жөнінде қазан төңкерісіне дейінгі атқарылған жұмыстар. Бұл бағытта бірінші кезекті шаралар алынып, аумақтар мен елді мекендер дәрігерлерге, кіші фельдшерлік кызметкерлерге бөлініп беріліп, сол бөлінген аумақтардың халқына дәрігерлік қызмет көрсету міндеттелді.
Индер аумағындагы дәрігерлік бақылау аумақтары Алғашында, 1895-1896 жж. фельдшерлік далалық бекеттер — Есбол теліміндегі Есбол болыстық ставкасы мен Индер теліміндегі Индер болыстык ставкасы жұмыс жасады, мұның біріншісінде 1896 ж A.К.Мясников кызмет етті. Кейін 1897 ж.бастап Индер жұрты екі телімдік ауылдық дәрігердің құзырына бағынды, олар Ілбішін уезіндегі 5-ші және 6-шы телімдер болды. 5-шіде Индерден Мәтеш болысы ғана болса, 6-шыда Кулагин, Өрлік станицалары мен Есбол, Индер, Қызылжар болыстары барлды. 1903 ж.бастап Есбол болысы Гурьев уезіндегі 7-ші телімге бағындырылды. 5-телімді 1898-1908 жж. П.А.Яшков, 6-телімді А.П.Гуминский, О.Д.Шанявский, А.И.Новиковтар, 7-телімді Н.К.Ширявсков, И.Н.Савиндер басқарды.
1911 ж. Индер аумағы жаңа үш құрылымға — Ілбішін ауылдық-дәрігерлік теліміне (дәрігері И.А.Калинин, қарауына басқалармен бірге Мәтеш, Қызылжар болыстары қарады), Қызылқоға ауылдық-дәрігерлік теліміне (дәрігері В.В.Парфенов, қарауына басқалармен бірге Индер болысы қарады), Гурьев ауылдық-дәрігерлік теліміне (дәрігері И.С.Парадашвили, қарауына басқалармен бірге Есбол болысы қарады) бағынышты болды.
Өңірде 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бұрын халық денсаулығын сақтау жолында күрескендер: Есбол ставкасында 1899-1903 жж. Қазиев, 5-ші, 6-шы, 1-ші телімдерде Яковлев, Лытонин, Забродин, Закладнов, Мартынов Ларшин еңбек етті. Ал, Индер ставкасында 1896 1903 жж. -Ф.Г.Вершков, 1904-1905 жж. -Першин, 1906-1910 жк. -Зверев шешекке қарсы дәрі егумен айналысты. Әйел босандырушы фельдшерлерден E.A.Бородина (1895-1897 жж.), Д.Н.Попова (1898-1906 жж.), О.П.Сазонтова (1907-1908 жж.), Т.А.Хохлачева (1909-1910 жжж.) (бәрі де 5-ші телімнен), В.Н.Колпакова (1898-1901 жж.), В.Н.Бородина (1902-1905 жж.), Дубровина (1908 ж.)(бәрі де 6-шы телімнен), К.В.Серафимова (1903-1904 жж.) (7-ші телімнен) қажырлы еңбек етті.
Орыс казактары тұрған станицалардағы әскери фельдшерлерден алғашқыда, 1897 жылы бұл міндетті И.Мартынов (Өрлік), Ф.Кудрявцев (Кулагин) атқарды, кейіен оларды кіші фельдшер және аға фельдшер деп жіктеді.
+ Кулагин станицасы фельдшерлері Жылы Әскери фельдшердің аты-жөні Лауызымы 1898-1899 Досничев Петр кіші фельдшер 1900-1904 Неусынов Артамон кіші фельдшер 1905-1907 Симбирцев Петр кіші фельдшер 1908-1913 Симбирцев Петр аға фельдшер 1912-1913 Кирпичников Иван кіші фельдшер
+ Орлов (Өрлік) станицасы фельдшерлері«Статистический обзор Уральской области». Уральск, 1900-1915 гг. Жылы Әскери фельдшердің аты-жөні Лауызымы 1898-1906 Корчажников Георгий кіші фельдшер 1907 Корчажников Георгий аға фельдшер 1908-1911 Вахнен Василий кіші фельдшер 1912-1913 Адсков Виктор кіші фельдшер
Жұқпалы аурулармен күрес Дегенмен дәрігерлер көп халықты ойдағыдай қамти алмады. Оның үстіне дәрігерлік көмек те жоғары дәрежеде бола алмады, 1916 жылы бүкіл Орал облысында 866 946 адам болған болса, соның 32 875-іне ғана шешекке қарсы дәрі егу жүзеге асырылған екен. Сондықтан да жұқпалы аурулардың жиі болуы кездесіп тұратын. Облыста оба ауруының 1915 жылы 2-ші рет шығуы Индер жерінен байқалды. Ол қыркүйек айында Индер болысының №10 ауылындағы Ескі мешіт деген жерде және сонымен бір мезгілде Тереңқұдық сайында, одан кейін Сасық деген сайда байқалды. Осы үш жерде 12 адам ауырып, онын 2-і дүниеден озса, 4-і жазылып кетті. Аурудың шығуы 10-шы ауылда көбейіп кеткен тышқаннан болғандығы анықталды. 21 қазанда науқастар Гребенщик кентінен де шықты. 5 қарашада бұл ауру Есбол болысындағы №1 ауылдан, 13 қарашада Индер болысындағы №12 ауылдан байқалды.
1915 жылғы оба ауруының нәтижесі төмендегідей:«Статистический обзор Уральской области». Уральск, 1917 г. + Рет саны Ауру шыққан жер атауы созылған уақыты ауырғаны жазылғаны өлгені 1. Индер болысының №10 ауылындағы Ескі мешіт сайы20.9-10.11.1915 ж. 9 2 7 2.Индер болысының №10 ауылындағы Тереңқұдық сайы 20.9-10.11.1915 ж. 21 1 3.Индер болысының №10 ауылындағы Сасық сайы 20.9-10.11.1915 ж. 1 1 - 4.Гребенщик кенті 8.10-10.11.1915ж.22 -225. Есбол болысындағы №1 ауыл 5.11-7.12.1915 ж.24 - 246. Индер болысының №12 ауылы 12.11-1.12.1915 ж. 2 1 1 Барлығы 9-12.1915 ж.60 5 55
Дереккөздер
Санат:Индер ауданы Санат:Атырау облысы тарихы