Кораку-эн (жап. 後楽園, Ко:раку-эн) — Кайраку-эн және Кэнроку-эн саябақтарымен қатар Жапонияның үш әйгілі саябағының бірі.

Алғашында саябақ Коэн («кейінгі бақ») деп аталған. Бұл атау оның Окаяма қамалының құрылысы аяқталғаннан кейін, қамалдың қарсы бетінде салынуына байланысты берілген. 1871 жылы саябаққа қазіргі Кораку-эн атауы берілді.Lewis, Caroline. "Kenrokuen Garden Kanazawa," JapanVisitor.com;Koraku-en , Japan-Guide.com;.

Кораку-эн саябағы Жапонияның Хонсю аралындағы Окаяма префектурасының орталығы — Окаяма қаласында, Асахигава ауданында орналасқан. Саябақтың аумағы шамамен 13 гектарды құрайды.

Саябақтың тарихы

Кораку-энді жасау жұмыстары 1687 жылы басталып, 1702 жылы жергілікті феодал Икэда Цунамаса тұсында аяқталды. Саябақ өзінің қазіргі сипатына 1863 жылы ие болды.

1871 жылы Кораку-эн Окаяма префектурасының қарауына берілді, ал 1884 жылдан бастап көпшілік үшін ашылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1945 жылы, саябақ әуе шабуылдарынан қатты зардап шекті. Кейін ол тарихи суреттер мен бастапқы сызбалар негізінде қалпына келтірілді.

Галерея