Жұманның қызыл үйі – 19 ғасырда күйдірген қызыл кірпіштен тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Қазіргі Қарағанды облысының Сарыкеңгір ауылына таяу, Сарыкеңгір өзендерінің бойында. Сәулеттеген – Құнанқараұлы Әбіш. Үй дәстүрлі жобамен салынған. Жоғарғы белдеуі – басқұр үлгісімен жүргізілген. Бірақ оның көп жері бұзылып, жоғалуға айналған. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Сілтеме
Санат: Тарих, Саяхат, География