Ұлжан Нахатқызы Жанбершиева (25 қаңтар 1954 жылы туған, Қызылорда қаласы) — ғалым, филолог, филология ғылымдарының кандидаты (1990 ж.), доцент (1997 ж.), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры (2022 ж.).

Өмірбаяны 1971 жылы Қызылорда қаласындағы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1975 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін үздік дипломмен аяқтады. 1975–1983 жж. — №171 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

Еңбек жолы 1983–1991 жж. — Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы; 1991–1996 жж. — «Қазақ әдебиеті және араб тілі» кафедрасының меңгерушісі; 1996–2000 жж. — «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының доценті; 2000–2004 жж. — Педагогикалық мамандықтар бойынша сырттай білім беру факультетінің деканы; 2004–2006 жж. — Сырттай білім беру және қайта мамандандыру институтының педагогикалық мамандықтар бойынша деканы; 2006–2013 жж. — «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының меңгерушісі; 2013 жылдан — «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының академиялық профессоры (2023 жылдан бастап осы білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры).

Ғылыми еңбектері 7 оқу-әдістемелік құрал, 6 монография, 5 әдеби-зерттеу еңбек, 300 - ден астам ғылыми мақалалардың авторы.https://korkyt.edu.kz/article/2125

Марапаттары мен атақтары Парасат ордені (2025 ж.)Қызылордалық қос ұстаз президент қолынан марапат алды «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі (1997 ж.) «ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2017 ж.) «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2024 ж.) Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль (2014 ж.) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры (2022 ж.) Ахмет Байтұрсынұлы атындағы алтын медалі (2023)Профессор Ұлжан Жанбершиева атындағы дәрісхана ашылды

Дереккөздер

Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары Санат:Қазақстан филологтары