Биохимик — бұл биохимия бойынша білім алған және ғылым ретінде зерттеуге маманданған немесе биопрепараттарды өндірудің қолданбалы салаларына (мысалы, фармакологияда ) маманданған ғалым немесе маман. Биохимиктер тірі организмдер мен жасушалардың химиялық құрамын, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын химиялық процестерді зерттейді. нобай| Биохимиктің зертханадағы жұмысы Биохимиктер биотехнология, генетика (биохимиялық генетиканы қоса алғанда), организмдердің әртүрлі заттарға реакцияларын (фармакология және иммунология), агрохимия және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру бағытында, биоинформатика, экология, криминалистика, токсикология салаларында жұмыс істейді. Олар сондай-ақ ашытылған сүт өнімдерін өндіру, наубайхана, сыра қайнатумен және шарап жасаумен айналысады.

Биохимиктердің қызметінің тәуелсіз ғылыми бағыттары: микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың биохимиясы, өсімдік, жануар және микробтық тектес өнімдерді сақтау және өңдеу кезіндегі химиялық процестерді зерттейтін техникалық биохимия, кванттық және эволюциялық биохимия . Адам биохимиясының бір бөлігі медициналық биохимия болып табылады, оны, атап айтқанда, медициналық биохимиктер қолданады.

Дереккөздер

Санат:Мамандықтар Санат:Биохимиктер Санат:Биохимия