Степан Дмитриевич Батищев–Тараслов (1.8.1911, Ресей, қазіргі Самара облысы Ставрополь ауданы Верхняя Белоозерка селосы – 26.3.1961, қазіргі Екатеринбург қаласы) – Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1958). Ленинград (1935, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. РКФСР геология трестің геологы, партия бастығы, жетекші-зерттеуші (1935–1942), Қазақстандағы Атасу геология-барлау экспедициясының бастығы, бас инженері, «Оралқараметаллбарлау» тресінің геология бөлімінің бастығы, Орал геология басқармасында бөлім меңгерушісі (1942–1961) қызметтерін атқарды. КСРО Мемлекеттік (1951) және Лениндік (1957) сыйлықтардың лауреаты. "Қазақ Энциклопедиясы" Ш ы ғ а р м а л а р ы Геолого-эконимическая характеристика Аятского железорудного бассейна, А.-А., 1946; Геология и полезные ископаемые северной части Тургайского прогиба. В кн.: Магнетитовые руды Кустанайской области, М., 1958 (соавт.). Сілтеме http://ru.wikipedia.org/wiki/Батищев-Тарасов,_Степан_Дмитриевич google Дереккөздер
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1911 жылы туғандар Санат:1961 жылы қайтыс болғандар