«Ай һәм бақыр тиын» немесе «Ай және алты пенс» — ағылшын жазушысы Сомерсет Моэмның ең белгілі романдарының бірі.

Атауының мәні кітапта нақты ашылмайды. Ол Моэмның төрт жыл бұрын шыққан «Сезімдерге байлану турасында» романына жазылған пікірмен байланысты екені белгілі. Сол рецензияда басты кейіпкер «Айға деген сағынышын аялап жүріп, аяқ астындағы алты пенс тиынын байқауға шамасы келмеген» деп сынға алынады.Энтони Кёртис, Джон Уайтхэд. W. Somerset Maugham, The Critical Heritage — Routledge, 1987, 10-бет. Идеалды және кәдуәлгінің арасында қиын таңдау жаңа романының басты ойы болғанын Моэм теріске шығармаған.

Кітап Лондонда тұратын жас жазушының атынан жазылып, оның атақты кескіндемешімен қалай танысқаны жайында баяндап, сол кісіге қатысты естеліктерімен мол қамтылады. Келтірілген өмірлік жағдайлардың көбі франциялық суретші Поль Гогеннің биографиясына саяды.

Шығарма желісі Чарльз Стрикленд есімді биржалық саудагер Лондондағы өмірін тастауға бел буады. Өз жұбайы мен балаларын ұмытып, Парижге көшеді және суреттерді салумен айналыса бастайды. Кейін шабыт іздеумен болып, Тынық мұхиттағы аралдарға аттанады. Қатты мұқтаждыққа ұрынса да, өз шығармашылық жолын іздеуді қоймады.

Экрандалуы 1942 жылы Альберт Льюин роман бойынша фильм түсірді. 1957 жылы Лондонда аттас опера қойылды. 1959 жылы АҚШ-та аттас телефильм шықты.

Дереккөздер

Сілтемелер Роман Standard Ebooks сайтында

Санат:Сомерсет Моэмның шығармалары