Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты — Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.

Тарихы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты 2026 жылғы 29 тамызда дербес мемлекеттік орган болып құрылды.Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды Аппаратты басшы басқарады, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары аппараттың жұмысын үйлестіреді.Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады Бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты деп Президент Әкімшілігінің құрамына кіретін Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымдық бөлімшелері аталған, оған жалпы басшылықты Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы жасаған.Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы

Атқаратын қызметі Қауіпсіздік Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының және Төраға орынбасарының қызметін қамтамасыз ету; жүйелі сын-қатерлер мен қауіптерді анықтау, бағалау және болжау, сондай-ақ олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдардың үйлесімділігін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру; Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының: қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздік саласындағы; заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы; Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қорғау саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету; Қазақстан заңнамасына, Президенттің (Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының) және Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындау.Указ Президента Республики Казахстан от 10 сентября 2026 года №1456

Құрылымы Аппарат басшысын, оның орынбасарларын, құрылымдық бөлімше басшыларын Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

Аппарат басшылығы: Мұрат Баймұқашев – Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының БасшысыМ.Қ. Баймұқашев туралы Нұржан Каджиақбаров – Аппарат Басшысының бірінші орынбасарыМемлекет басшысының өкімдерімен: Руслан Жақсылықов – Аппарат Басшысының орынбасары Геннадий Зуев – Аппарат Басшысының орынбасары

Қауіпсіздік кеңесінің аппараты хатшылық, 5 бөлімнен және орталықтан тұрады:Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы. Құрылымдық бөлімшелер Аппарат Хатшылығы меңгерушісі: Ерлан БайтұқбаевМемлекет басшысының өкімдерімен: Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі Ахуалдық орталық меңгерушісі: Арман ӘбдірәсіловМемлекет басшысының өкімдерімен: Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісі: Марат Аймашев Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі меңгерушісі: Расул Оразғұлов Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісі: Азамат Дүйсембеков Талдау бөлімі меңгерушісі: Александр Суханов

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Президентіне тікелей бағынышты мемлекеттік органдар Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі