нобай|369x369 нүкте|Татиев Талғат Абыкенович Татиев Талғат Абыкенович (1966 жылы туған) — суретші-реставратор, педагог, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2005 жылдан бастап).Каталог. Семей қаласының суретшілері XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6

Каталог. Художники города Семей. XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6

Өмірбаяны 1991 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген.

Облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде суретші-реставратор, бас қор сақтаушы қызметін атқарған. 1997 жылы Е. және О. Махнолармен бірге «САК» (Семей-АРТ-коллектив) тобының негізін қалады.

2003 жылдан бастап Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінде сызу және бейнелеу өнері кафедрасында ұстаздық етеді.

Шығармашылығы мен көрмелері 1994 жылдан бастап қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелер мен жобаларға қатысып келеді:

«Күзгі салон» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі) «Мен бүгін өмір сүремін» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 1994) «Галереялар шеруі» көрмесі (Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі) «Жігер» жас суретшілер көрмесі (Алматы, 1998) «АРТ ФОРУМ НАУРЫЗ – 07» республикалық көрмесі (Астана, 2007) Қазақстан суретшілер Одағының республикалық көрмесі (Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Алматы, 2009) — Қазақстан суретшілерінің республикалық симпозиумында «Кескіндеме» номинациясында 1-орын алды. «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері туындыларының облыстық көрмесі (Бейнелеу өнері музейі, Өскемен, 2011) Қазақстан суретшілерінің республикалық көрмесі (Астана, 2011) «Өнер мен дизайндағы жаңалық» халықаралық көрмесі (Павлодар, 2014) Семей қаласы суретшілері туындыларының I, II, III көрме-конкурстары (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2013, 2014, 2016)

Жеке көрмелері:

«Бұрылыс 29-километр» (Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейі, Семей, 2005) «Болмыс әуені» (Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейінде, Семей, 2006) «Өмірдің ақ жағында» (ШҚО өнер музейі, Өскемен, 2012) «Шынайылық пен қиял» (Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейі, Семей, 2016)

Марапаттары

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы мен диплом лауреаты («Бейнелеу өнері» номинациясында «Мәдениет пен өнер дамуына үлес қосқаны үшін», 2012)

Жұмыстары сақталған жерлер Талантты суретшінің туындылары мына музейлерде және жеке жинақтарда сақталған:

Абай республикалық әдеби-мемориалдық музей-қорығында (Семей) ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде (Семей) Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейінде (Семей) ШҚО өнер музейінде (Өскемен) Германия, Ресей, Қазақстанның жеке жинақтарында

Суретші туындылары

Әдебиет Каталог. Семей қаласының суретшілері XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6 Каталог. Художники города Семей. XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6

Дереккөздер