Олайне (, тарихи немісше Olai) — Латвиядағы қала, Олайне аймағыныңнің әкімшілік орталығы. Қала ел астанасы Риганың оңтүстік-батысында, Рига агломерациясында орналасқан; Рига орталығына дейінгі қашықтық шамамен 20–25 км.Olaine. Nacionālā enciklopēdija. Жаңартылған: 25.11.2025. Қаралған күні: 18.08.2026. Қала арқылы және оның маңымен Рига—Елгава бағытындағы маңызды автомобиль және теміржол көлік дәлізі өтеді.

Олайне — XX ғасырда қалыптасқан өнеркәсіптік қала. Оның өсуі алғашында шымтезек өндірумен, кейін химия және фармацевтика өнеркәсібімен байланысты болды. Қазіргі қаланың негізі 1939 жылы шымтезек өндіру басталған кезде қаланды, ал 1967 жылғы 20 ақпанда Олайне қала мәртебесін алды.1. jūlijs — Olaines novada izveidošanas diena. Olaines novada pašvaldība. 01.07.2023. Қаралған күні: 18.08.2026.

Латвияның Орталық статистика басқармасының 2026 жылғы деректері бойынша қала халқының саны 9 580 адам, жалпы аумағы — 6,84 км², оның 6,64 км²-і құрлыққа тиесілі.Population in regions, cities, municipalities, towns, rural territories, villages... 2000–2026. Central Statistical Bureau of Latvia. Жаңартылған: 29.07.2026. Қаралған күні: 18.08.2026.Reģionu, novadu, pilsētu un pagastu kopējā un sauszemes platība gada sākumā. Centrālā statistikas pārvalde. Қаралған күні: 18.08.2026.

Географиясы Олайне Орта Латвия ойпатының Тирели жазығында () орналасқан. Қала аумағы негізінен жазық. Қала арқылы Миса өзені алабына жататын Олайните (Olainīte) және Пупла (Pupla) шағын өзендері ағып өтеді.

Олайненің солтүстігі мен батысында батпақты және шымтезекті аумақтар кең таралған. Табиғи жағдайлар қаланың экономикалық тарихына тікелей ықпал етті: XX ғасырдың алғашқы жартысында осы маңдағы шымтезек қорларын өнеркәсіптік игеру қазіргі қаланың қалыптасуына негіз болды.

Олайне Рига мен Елгава арасындағы көлік дәлізінің бойында орналасуының арқасында Латвия астанасымен тығыз экономикалық және әлеуметтік байланыста.

Атауы Олайне атауы XVII ғасырдан белгілі. 1638 жылы бұл аумақ Швед Ливониясының құрамында болған кезде қазіргі Яунолайне маңында Әулие Олафтың құрметіне ағаш лютеран шіркеуі — St. Olai салынған. Елді мекеннің кейінгі атауы осы шіркеу атауымен байланыстырылады.

Тарихи Олайне қазіргі қаланың орнында емес, одан оңтүстік-шығысқа қарай, қазіргі Яунолайне ауылының маңында орналасқан. XX ғасырда жаңа өнеркәсіптік елді мекен Олайне атауын алғаннан кейін бұрынғы елді мекен Яунолайне (Jaunolaine, «Жаңа Олайне») деп атала бастады.

XIX ғасырда теміржол станциясы және елді мекен неміс тіліндегі Olai атауымен белгілі болды. Латвия тәуелсіз мемлекет құрғаннан кейін жер-су атауларын латыштандыру барысында қазіргі Olaine нұсқасы ресми қолданысқа енді.

Тарихы Ежелгі және жаңа дәуір Қазіргі Олайне маңы орта ғасырлардан бастап Ригаға қарасты жерлер мен көршілес аумақтардың шекаралық өңірі болды. XIII ғасырдың екінші жартысында бұл аумақ Рига қаласының ауылдық жерлері мен Упмале жерінің шекарасына жақын орналасқан. Кейін ол Рига иеліктері мен Ливон ордені жерлерінің, ал 1562 жылдан кейін Курляндия және Семигалия герцогтігімен шектесетін өңірге айналды.

Олайните өзенінің Мисаға құяр тұсына жақын жерде Рига қаласына тиесілі шағын иелік пен керуен сарайы болған. 1638 жылы Әулие Олафтың құрметіне ағаш лютеран шіркеуі салынды.

Ұлы Солтүстік соғыс басталған кезеңде, 1700 жылғы ақпанда Олайне маңында швед шекарашылары мен саксон әскерлері арасында қақтығыс болды. 1749—1753 жылдары бұрынғы ағаш ғибадатхананың орнына тас лютеран шіркеуі салынды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Рига—Елгава жолының маңызы артты. 1830—1850 жылдары жол қайта салынып, Олайне Рига мен Елгава арасындағы пошта жолының аялдамаларының біріне айналды.

Теміржол және Бірінші дүниежүзілік соғыс 1868 жылғы 21 қарашада Рига—Елгава теміржол желісі ашылып, Олайне маңында Olai станциясы құрылды. Теміржолдың пайда болуы аумақтың шаруашылық маңызын арттырды.Olaine railway station. Wikimedia Commons. Қаралған күні: 18.08.2026.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1915—1917 жылдары, бұл аудан майдан шебіне жақын орналасты. Мұнда Германия армиясының жабдықтау нысандары болды; соғыс қимылдары кезінде шіркеу, болыс үйі және мектеп зақымданды немесе қирады.

Латвия тәуелсіздік алғаннан кейін елді мекен мен станцияға ресми түрде латышша Olaine атауы берілді.

Қазіргі Олайненің қалыптасуы Қазіргі Олайне қаласының тарихы негізінен 1939 жылдан басталады. Сол жылы қазіргі қала орналасқан аумақта өнеркәсіптік шымтезек өндіру басталып, кеніш пен шымтезек кәсіпорны қызметкерлері үшін шағын жұмысшы қонысы қалыптасты.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шымтезек өндірісінің көлемі артты. 1950-жылдардың екінші жартысынан бастап Олайнеде жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар салына бастады. 1959 жылы Ригадан желім өндірісі көшірілді, ал 1962—1965 жылдары жаңа өндірістік нысандармен қатар көпқабатты тұрғын үйлер жедел салынды.

1963 жылы шымтезек кәсіпорны маңындағы жұмысшы қонысына қалалық кент мәртебесі берілді. Халық саны жеті мың адамнан асқаннан кейін, 1967 жылғы 20 ақпанда аумағы сол кезде 332 гектар болған Олайне ресми түрде қала мәртебесін алды.

Қала құрылысы кеңестік кезеңдегі өндірістік жоспарлаумен тығыз байланысты болды: тұрғын аудандар мен ірі өнеркәсіптік аймақ бір мезгілде қалыптасты. 1990 жылға қарай қала халқы шамамен 15 мың адамға жетті.

1991 жылы Латвия мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіргеннен кейін Олайне қаласы мен Олайне болысының жеке өзін-өзі басқару органдары жұмыс істеді. 2009 жылғы әкімшілік-аумақтық реформа нәтижесінде олар біріктіріліп, Олайне өлкесі құрылды. 2009 жылғы 1 шілдеден Олайне — жаңа өлкенің әкімшілік орталығы.

Халқы Олайне халқының ең жылдам өсу кезеңі XX ғасырдың 1960—1980 жылдарына сәйкес келеді. Бұған химия және фармацевтика кәсіпорындарының ашылуы, өнеркәсіптік жұмыс орындарының көбеюі және жаңа тұрғын үй құрылысы ықпал етті.

1990 жылдардың басынан бастап халық саны төмендеу үрдісіне көшті. Бұл үрдіс Латвияның көптеген шағын және орта қалаларына тән демографиялық өзгерістермен байланысты.

+ Олайне халқы санының өзгеруі Жыл Халық саны 1970 9 174 1979 13 612 1989 14 989 2000 13 586 2011 12 023 2021 10 394 2026 9 580 Дереккөз 1970—2021 жылдардағы деректер — Латвияның Орталық статистика басқармасының тарихи қатарлары;2026 жылғы көрсеткіш — 2026 жылғы шекаралар бойынша есептелген ресми эксперименттік статистика.

2021 жылғы этникалық құрам жөніндегі статистикалық деректерде 10324 адамның 4312-сі (41,8 %) орыстар, 4126-сы (40,0 %) латыштар, ал 1886-сы (18,2 %) басқа этностардың өкілдері ретінде көрсетілген.Latvijas iedzīvotāju statistika. Centrālā statistikas pārvalde. Қаралған күні: 18.08.2026.

2025 жылдан бастап Латвияның Орталық статистика басқармасы тұрақты тұрғындар санын есептеудің жаңа әдісін қолданады. Ол әкімшілік тізілімдердегі адамның белсенділік белгілерін ескеретін ықтималдық моделіне негізделген. Сондықтан 2025—2026 жылдардағы кейбір көрсеткіштер бұрын жарияланған статистикамен әдістемелік тұрғыдан толық салыстырылмауы мүмкін.Latvia has a population of 1.845 million. Central Statistical Bureau of Latvia. 02.06.2026. Қаралған күні: 18.08.2026.

Экономикасы Олайне экономикасының қалыптасуына өнеркәсіп шешуші ықпал етті. Қаланың алғашқы өнеркәсіптік мамандануы шымтезек өндіру болса, XX ғасырдың екінші жартысында химия және фармацевтика өндірісі басым бағыттардың біріне айналды. нобай|оңға|300px|Олайнедегі өнеркәсіптік аймақ Қаланың ең танымал кәсіпорны — қазіргі Olpha акционерлік қоғамының фармацевтикалық зауыты. Кеңестік кезеңде Ригадағы фармацевтикалық өндіріс қуаты жеткіліксіз болғандықтан, 1968 жылы Олайне химия-фармацевтика зауытының құрылысы басталды. Құрылыс шамамен үш жылға созылып, бұрын батпақты болған аумақ ірі өнеркәсіптік аймаққа айналды.History. Olpha. Қаралған күні: 18.08.2026.

Кәсіпорын ұзақ уақыт Olainfarm атауымен жұмыс істеді. 2024 жылғы 19 маусымда компания халықаралық нарыққа бағытталған жаңа Olpha брендіне көшетінін жариялады. Фармацевтика саласындағы тіркеу рәсімдеріне байланысты атауды өнімдер мен құжаттарда ауыстыру үдерісі кезең-кезеңімен жүргізілді.Olainfarm transforms into Olpha. Olpha. 19.06.2024. Қаралған күні: 18.08.2026.

Olpha-ның негізгі өндірістік алаңы Олайнедегі Рупницу көшесінде орналасқан. Компания дайын дәрілік нысандарды, белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді және аралық өнімдерді әзірлеу мен өндіруге маманданған.

Қаланың тұрғын бөлігінің жанында кең өнеркәсіптік аймақ орналасқан. Химия және фармацевтикадан басқа, Олайне мен оның маңындағы өндірістік аймақта машина жасау, желдету жабдықтары, логистика және басқа да салалардағы кәсіпорындар жұмыс істейді.

Көлігі Олайне Рига мен Елгаваны байланыстыратын негізгі көлік дәлізінде орналасқан.

Автомобиль көлігі Қаланың шығыс шекарасына жақын жерден мемлекеттік маңызы бар A8 автомобиль жолы — Рига—Елгава—Литва шекарасы (Мейтене) бағыты өтеді. Ол Олайнені Рига, Елгава және Литва бағыттарымен байланыстырады.

Қала ішіндегі негізгі көшелер A8 тасжолымен және өлкелік жол желісімен байланысқан. Ригаға жақындығы Олайнеден астанаға күнделікті қатынауға мүмкіндік береді.

Теміржол Олайне теміржол станциясы 1868 жылы ашылған Рига—Елгава теміржол желісінде орналасқан.

Қазіргі уақытта станцияға Латвияның Vivi жолаушылар теміржол операторының Рига—Елгава бағытындағы пойыздары қызмет көрсетеді. 2026 жылғы негізгі қозғалыс кестесі 26 мамырдан күшіне енген.Vilcienu kustības pamatsaraksts. Vivi. 26.05.2026 бастап қолданыста. Қаралған күні: 18.08.2026.

Теміржол Олайненің қалыптасу тарихында да маңызды орын алды: XIX ғасырдың соңынан бастап ол елді мекенді Рига және Елгавамен тұрақты көлік байланысына қосты.

Білім беру Қалада жалпы, кәсіптік және өнер бағытындағы білім беру мекемелері жұмыс істейді. нобай|оңға|300px|Олайне технологиялық колледжі Муниципалдық жалпы білім беру жүйесінің негізгі мекемелерінің қатарына Олайне 1-орта мектебі (Olaines 1. vidusskola) және Олайне 2-орта мектебі (Olaines 2. vidusskola) кіреді.Kontakti. Olaines novada pašvaldība. Қаралған күні: 18.08.2026.

Олайне музыка және өнер мектебі (Olaines Mūzikas un mākslas skola) — муниципалитет құрған аккредиттелген кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі. Онда фортепиано, аккордеон, ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар, сондай-ақ бейнелеу өнері бойынша бағдарламалар оқытылады.

Қаланың өнеркәсіптік мамандануына байланысты кәсіптік-техникалық білімнің маңызы тарихи тұрғыдан жоғары болды. Рига техникалық университетінің Олайне технологиялық колледжі (RTU Olaines Tehnoloģiju koledža) химия, фармацевтика, биотехнология, қоршаған орта және азық-түлік сапасын бақылау салалары бойынша мамандар даярлады.RTU Olaines Tehnoloģiju koledža. Rīgas Tehniskā universitāte. Қаралған күні: 18.08.2026.

2026 жылғы шешім бойынша колледжді 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қайта ұйымдастыру белгіленген: кәсіптік орта білім бағдарламаларын Рига мемлекеттік техникумы, ал жоғары білім бағдарламаларын Рига техникалық университеті қабылдайды. Оқу бағдарламаларын Олайне қаласында жүзеге асыру жалғастырылуы тиіс.Pēc RTU Olaines Tehnoloģiju koledžas reorganizācijas mācību process turpināsies Olainē. Rīgas Tehniskā universitāte. 05.06.2026. Қаралған күні: 18.08.2026.

Мәдениеті Олайнедегі негізгі мәдени мекемелер — Олайне мәдениет орталығы, Олайне кітапханасы және Олайне тарих және өнер музейі.

Олайне мәдениет орталығы қаладағы концерттер, мерекелер, көркемөнерпаздар ұжымдары мен мәдени іс-шаралардың негізгі ұйымдастырушыларының бірі. Оның Олайнедегі мәдениет үйі бұрынғы Nākotne кинотеатрының ғимаратында орналасқан.Fakti par Olaini. Olaines novada pašvaldība. 20.02.2021. Қаралған күні: 18.08.2026.

Олайне тарих және өнер музейі қаланың және өлкенің тарихын зерттейді. Оның қызметінде шымтезек өндіру, өнеркәсіптің қалыптасуы, жергілікті тұрғындардың тарихы және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне ерекше назар аударылады. Музей Олайне маңындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс орындарында археологиялық зерттеулер мен танымдық жобалар ұйымдастырады.

Көрікті орындары Қалада ауыл шаруашылығы мұражайы, тарих мұражайы және әр сенбі сайын жұмыс істейтін ашық аспан астындағы базар бар.