Инде Наварретт (), туған кездегі аты — Даниэль Фабиола Наварретт (); , Тусон, Аризона, АҚШ) — америкалық актриса және бұрынғы онлайн-стример. Ол актерлік мансабын жасөспірім кезінде қысқаметражды фильмдердегі рөлдерден бастады. Кейін Netflix платформасының «13 себеп» (13 Reasons Why) (2020) драмалық телесериалында және The CW арнасының «Супермен және Лоис» (Superman & Lois) (2021–2024) суперқаһармандық драмалық телесериалында рөлдерге ие болды. Оның үлкен жетістігі «Обсессия» (2025) мистикалық қорқынышты фильміндегі Никки Фриман рөлінен келді. Бұл рөлі оған сыншылардың жоғары бағасын әкелді.

Өмірбаяны Даниэль Фабиола Наварретт 2001 жылғы 3 наурызда Тусон, Аризона штатында дүниеге келген. Оның мексикалық әкесі АҚШ теңіз жаяу әскерлері корпусында қызмет еткен, ал аустралиялық анасы Тосси Фокс — шаштараз. Әкесінің АҚШ әскери күштерінде қызмет етуіне байланысты отбасы жиі қоныс аударып отырған. Он бес жасқа дейін ол он бір мектепте оқыған. Ата-анасы ажырасқаннан кейін Наварретт негізінен Висейлия, Калифорния штатында тәрбиеленді. Ол Висейлиядағы Mt. Whitney High School мектебінде аз уақыт оқып, кейін Лос-Анджелес аймағына көшіп, Redondo Union High School мектебіне оқуға түсті.

Ол актерлік өнерге деген қызығушылығының оянуына отбасының екі жағындағы туыстары да ықпал еткенін айтады. Анасы жағынан туыстары «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімін үнемі тамашалаған, ал әкесі жағынан мексикалық туыстары оны ерте жастан бастап қорқынышты фильмдермен таныстырған.

Анасы оның бала кезіндегі тәуелсіз мінезіне байланысты, оған «Инде» (ағылшын тіліндегі independent — «тәуелсіз» сөзінен шыққан) деген лақап ат берген.

Наварретттің алғашқы рөлі Snapchat платформасының «Denton's Death Date» (2019) атты ситкомындағы Вероника рөлі болды. 2020 жылы Наварретт Netflix платформасының «13 себеп» (13 Reasons Why) телесериалының төртінші маусымында Эстела де ла Крус рөліне бекітілді. Оның алғашқы маңызды басты рөлі 2021 жылы «Супермен және Лоис» (Superman & Lois) телесериалындағы Сара Кортес рөлі болды. 2023 жылғы маусымда қаржының қысқартылуына байланысты, Наварретт пен оның тағы алты әріптесі сериалдың төртінші әрі, соңғы маусымына қатыспайтыны жарияланды. Алайда Наварретт төртінші маусымда бірнеше шағын эпизодтық көрініс үшін қайта оралды. 2025 жылы Наварретт «Trap House» экшн-фильмінде Тереза Флорес рөлін сомдады.

2026 жылы Наварретт «Обсессия» қорқынышты фильмінде Никки Фриман рөлін сомдады. Фильмнің премьерасы 2025 жылғы 5 қыркүйекте Торонто халықаралық кинофестивалінде өтті. Оның ойыны сыншылардың жоғары бағасына ие болды, олар актрисаның кейіпкердің эмоциялық осалдығы мен физикалық қарқындылығын ерекше атап өтті.

Жеке өмірі Наварретт бисексуал. Оның төрт бауыры бар: бір ағасы, екі інісі және бір сіңілісі. Наварретт бейнеойындарға қызығады. Бұған дейін ол Twitch және YouTube платформаларында «Indenavarrette» пайдаланушы атымен Call of Duty сияқты бейнеойындарды тікелей эфирде көрсетіп отырған.

Фильмография Кино

Дереккөздер

Санат:АҚШ дыбыс жазу актрисалары Санат:АҚШ телевизия актрисалары